Таптырмайтын машина

03.08.2020

Әмбебап суаратын-суландыратын машина (ӘСМ) немесе «су сепкіш» деп аталатын машина – көмір кенжарында және кеніш трассаларында таптырмайтын техника. Әсіресе қазіргі жазда технологиялық жолды суландыру көмір шаңын басып қана қоймайды, сонымен қатар қапырық ауаға салқын леп береді, яғни жүргізушінің еңбегін жеңілдетеді. «Богатырь Көмір» технологиялық көлік басқармасында бұндай машиналардың «БелАЗ» базасында төртеуі бар. Олар әрдайым қатарда болулары үшін жоспарлы күрделі жөндеу жүргізіледі. Жарты жылдан аса бұрын техникалық жаңарту үдерісінен 07 борт нөмірі бар БелАЗ-76470 өтті. Қозғалтқышы, трансмиссиясы, жүріс бөлігі, электр тораптары, сондай-ақ тежегіш, рөлдік, гидравликалық және пневматикалық жүйе элементтері, кабина шанағы мен тіреуіші жөнделді. Бұның барлығы машинаның ресурсын ұлғайтуға, оның сенімділігін көтеруге мүмкіндік берді. Қазір төрт машинаның екіншісі 02 борт нөмірі бар БелАЗ-76470 (ӘСМ) күрделі жөндеуден өтуде.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу