Жасампаз энергия

23.06.2020

Кәсіпорынның бас энергетика қызметі үздіксіз қамтамасыз етіп отырған электрэнергиясынсыз кеніште жұмыс істейтін экскаваторлар, тартушы агрегаттар және басқа да тау-кен жабдығы  пайдасыз, тұрып қалған механизмдер ғана болар еді.

Бұның бәріне инновациялық жабдық пен технологияны енгізу есебінен қол жеткізуге болады. 2016 жылдан бастап БЭҚ мамандары қорғаныстың микропроцессорлық блоктарын орнатумен, ескірген май ажыратқыштарды ВВ/ТЕL неғұрлым жоғары коммутациялық ресурстары бар вакуумды ажыратқыштарға ауыстырумен он ПТП-35/6 шағын станцияны жаңартты. Ағымдағы жылда тағы төрт шағын станцияны жаңарту және С-35 кВ екі май ажыратқышты қорғаныс блоктары бар және қашықтықтан басқару үшін сыртқы модульдерді қосу мүмкіндігі бар SMART-35 реклоузерінің заманауи коммутациялық үлгісіне ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, ПТП-35/6 кВ екі шағын станцияны «Богатырь» кенішінің өндіру учаскелеріне тасымалдаумен 35 кВ әуе желілерін салу көзделген, бұл 6 кВ әуе желілеріндегі электрэнергиясының азаюын қысқартуға, тау-кен көліктік жабдығын электрмен жабдықтау сенімділігін және электрэнергиясының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Болашақ жоспарларда – қашықтықтан басқару мен электрэнергияны техникалық есепке алудың автоматты жүйесін енгізу бойынша жоба (ЭТЕАЖ/ҚБАЖ), оның мақсаты электрэнергиясын тиімді дәлелді тұтынуды ұйымдастыру, бірлік өнімге электрэнергиясының меншікті шығынын төмендету, тұтыну тәртібін жақсарту, технологиялық жабдықты жүктеу тиімділігін көтеру мен сенімді электржабдықпен қамтамасыз ету болып табылады. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу