Иіліп тәжім етумен

08.05.2020

Жеңістің 75 жылдығы – ұлы мерекенің қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясы тылда жеңіске қол жеткізген еңбек майданына қатысушыларды маңызды күнмен құттықтады.

Кәсіпорынның басшылығы мен еңбек ұжымының атынан «Богатырь Көмір» қоғамдық қорының директоры Ольга Хозяшева Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармандықтары мен жанкешті еңбектері үшін ардагер-кеншілерге алғысын білдірді. Ол игі тілектерімен бірге 34 тыл еңбеккерінің әрқайсысына азық-түлік жиынтықтары мен 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берді. Азық-түлік жиынтықтарын үйлеріне жеткізуге біріккен жастар қозғалысының белсенділері көмектесті. Назар білдіргендеріне көңілдері елжіреген ардагерлер «богатырлықтарға» көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді және бейбіт аспан тіледі.

«Богатырь Көмір» кеншілері үшін күнделікті өмірде аға ұрпаққа қамқорлық көрсету, оларға қолдан келерлік көмек беру көп жылдар бойы дәстүрге айналды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.