Ақпарат хабарлама

23.04.2020

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерінде COVID – 19 анықталды. Жұмыскер ЖРВИ диагнозымен еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен үйде болды, одан кейін қалалық аурухананың жұқпалы ауру бөліміне жатқызылды.

 Қызметкермен әлеуетті байланысты болған орта толығымен анықталды. Қызметкердің жұмыс орны және ол мекендеген барлық орындар СЭС жұмыскерлерімен мұқият зарарсыздандырылды.

Қазіргі таңда «Богатырь Көмір» компаниясы өз жұмысын штатты режимде жалғастыруда. Кәсіпорын карантинде отырған қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС үшін  қызметкерлердің денсаулығы  және олардың қауіпсіз еңбек жағдайларын құру, басты басымдылық болды және болып қала береді.

 «Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу