Үлгі көрсетті

10.04.2020

Еріктілер жылы және «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Богатырь Көмір» бірлескен жастар қозғалысының белсенділері игі істер қоржынына өздерінің кезекті үлестерін қосты.

Осы жолы компанияның жұмысшы жастары кәсіпорын ардагері Жукушев Амантай Жолтанұлына көмек көрсетті. Ақсақалдың өтінішіне жауап берумен, жастар бір-екі сағат ішінде үй алдындағы аумақта тазалық жұмысын жүргізіп, бәрін тәртіпке келтірді. Жаңа қоршау орнатты, бау-бақша телімінің айналасын жинады, қара топырақ төседі. Коронавирустың таралуын алдын алу жағдайында міндетті сақтықтық шаралар қамында ойластырды. Көрсетілген көмек үшін риза болған ардагер жас кеншілерге шексіз алғысың білдіріп, оларға жаңа бастамаларына табыстар тіледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу