«Бутыриндік» аққулар авторға алғыстарын білдірді
10.04.2014
Фотобайқау
Екінші сәуірде Астанада «MINEX» бесінші тау кен өнеркәсіптік форумы аясында өткен «Кенші». Шахтер. Металлург» фотобайқауы аяқталды.
Оған Орта Азия елдерінің тау кен саласы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін елуден астам фото-құмарлар және өз ісінің мамандары қатысты. Олардың ішінде – біздің жерлесіміз, «Богатырь Көмір» көмірлі кәсіпорнының баспасөз қызметінің фотографы Анатолий Бутыринде бар. Ол Астанадан мәлім еткен аталымның бірінен бас жүлдемен оралды.
Фотосуретші Анатолий Бутыриннің шығармашылығы Қазақстанда және республиканың шет жерінде белгілі. Фотографтар арасында оны «Көмірлі мансаптың генералы» деп тегіннен атамайды. Себебі Анатолийдің жұмыс жинағында ерекше орынды өнеркәсіптік туындылар алады, көбінде олар көмірлі кеніштердің көрінісімен және тау кен өндіретін машиналардың –экскаваторлардың, үлкен жүкті автосамосвалдардың, конвейерлі желілерінің «портреттері». Онда өзіндік шығармашылық қиял, өндірістің ауқымына және техниканың қуаттылығына сүйсіну бар.
Оның суреттері – басқаша айту мүмкін емес – көптеген отандық және халықаралық фотобайқауларда болды және авторға әр түрлі наградалар, көрерменге танылу және атақ әкелді. «Кенші. Шахтер. Металлург» үшінші фотобайқауына қатысу Анатолий үшін сынға түсу болды және құнына қарай бағаланды.
Фотосуреттер байқауы үшін ұсынылған бесеудің ішінен финалға фотограф ерекше жақсы көретін индустриалды көрініс өтті. Жұмыстың басты кейіпкері – жыл сайын «богатырлік» ашу үйінділерінен жақында орналасқан ұя жасау орнына ұшып келетін аққулар болды. Бұл аққуларды көмірлі кәсіпорында «бутыриндікі» деп атайды. Оны солай айтудың да өзіндік мәні бар. Себебі Анатолий табиғаттың нәзік жаратылысы сәтті индустриалды құрылыспен сәйкес келетін сирек көрініс іздеуде болып, олардың ұшып келуін ерекше ынтызармен күтеді.
Мүмкін сондықтан болар, «Богатырьдағы Аққулар» шығармашылық адамға алғыс ретінде фотобайқауды ұйымдастырушылардың атынан «Қоршаған ортаға деген қамқорлық» индустриалды пейзаж аталымы бойынша оған Бас жүлде және сыйлық әкелді.
Марина ПОНКРАТОВА
Сурет Анатолий БУТЫРИНДІКІ және МАРИЯ РОЖКОВАНІКІ
Суретте: Анатолий Бутыринге бас жүлдені табыстауда; «бутыриндік» аққулар авторға бас жүлде сыйлады; жеңімпаз дипломы.