Адамдар үшін өзін аямай

10.04.2014

«Ақ қар іссіз жасырады уақытты

Өткен жылдармен өткен күндер елесін,

Қысқа өмірде де жүгіріс аяқталды…

Құдай , көргендей, жақсыларды алады …»

 

Жарқын еске алу

Өткен жылдың қазанында «Богатырь Көмір» көмірлі кәсіпорынның ұжымы өздерінің ең үздік қызметкерін жоғалтты. Өмірден Александр Иванович Шмеер озды. Көпшілік үшін ол тек «Богатырь Көмір» кәсіподақ ұйымының төрағасы ғана емес, әріптес – дос, кеңесші, тәлімгер ретінде болды.

Бұл адам барлығы үшін өз ісінің нағыз энтузиасі қандай болу керек, сондайдың жарқын үлгісі ретінде болды. Ол өз ісіне адал, соған құмар болды. Сол өзінің көмір өндіретін техникасына деген құлшынысы арқасында 1974 жылдың сәуірі айының басында Екібастұз су алабында әлемдегі алыпты, ірі роторлы экскаватордың бірінші данасын құрастыру үшін мамандардың үлкен топ құрамымен Карпинскіден Екібастұзға келді. Жас адам үшін бұл жұмыс қызықты, сол замандарда қолжетпес және орасан күрделі болды. Сол кезде ЭРШРД-5000 роторлы экскаваторы әлемнің индустриалды қуатының символы болды.

Саны 300 адамнан аса құрастырушылардың үлкен тобы үш жыл ішінде 20 қабатты үй биіктігімен және 6 мың тоннадан жоғары салмақпен алып машинаны жинағанын Александр Иванович ризашылықпен еске алатын. Сол кезде жұмыс сағатын санамай-ақ жұмыс істейтін, барлық күштерімен білімдерін жұмысқа арнады. Толық өзін берудің ұстанымын ол өзінің бүкіл өмірінен өткізді. Кім болып қызмет атқарса да: машинист көмекшісі, содан кейін роторлы экскаватордың машинист-электригі, аға машинист немесе бірлескен кәсіподақ комитетінің төрағасы– жалпы іс үшін ол өзін аямады. Александр Иванович әрдайым көңілді және жарқын жүзді, адамдарға құрметпен қарады, сондықтан жұмысшылармен де басшылармен де ортақ тіл табуға тырысты. Жағдайды ушықтырмай, мәселелерді шешу, қарсы келмей ымыралы шешім таба білу – оның артықшылығы болды. Оның тынымсыз еңбегінің негізгі жемісі - бүгінгі күні республика бойынша ең үздік болып табылатын «Богатырь Көмір» компаниясының ұжымдық еңбек шарты.

Өз ісіне адал, өмірге ғашық талантты адамдарды жоғалту ауыр. Александр Иванович Шмейерді көміршілер Қазақстан ірі көмірлі кәсіпорнында өзінің ұзақ мансабында неге қол жеткізгенін сақтай отыра жылы сөзбен еске алады.

 

Виктор ЩУКИН, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры:

- Александр Иванович жақсы адам болды. Мен оған оның жұмысындағы ұстанымы үшін ризамын. Сол арқылы біз кәсіподақпен бірлесіп жұмыс істеуге үйрендік.Ол адамдар үшін өзінің қарнын аямады және кез келген мәселені қиындық тудырмай шеше білді. Ол не керек екенін нақты білді, көңілді әрі әдепті болды.

 

Сергей ОПАНАСЕНКО, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары- атқарушы директоры:

- Жарты жыл бұрын өмірден біздің әріптесіміз, досымыз - Шмеер Александр Иванович- белсенді өмір ұстанымының адамы озды. Ол адамға жақсылық жасай отыра, өзінің міндетімен мүмкіндігіне қарай көмектесіп өмір сүрді. Ол кеншілер жұмысының қандай екенін ешкімнен естімей-ақ білді, өз артынан ұжымды ерте білді және әрқашан да оптимист болды.

Міне, сол қалпында ол менің есімде қалды, сосын оның күлкісін – ашық, кең пейілді адамның күлкісін мен есімде қалдырдым. Оның есімін құрметтеу – бұл ардақты іс, және біз оны қай жерде жасаймыз, ол маңызды емес: шіркеуде, зиратта немесе үйде. Александр Иванович туралы естелік өлмеу керек, себебі ол туралы естелік өлмейінше адам жаны өлмейді.

 

Сергей УСИК, «Богатырь Көмір» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры:

- Біз мақсатты, қамқоршыл адамды жоғалттық. Ол көміршілердің еңбегін, олардың үміттері мен арманын блді. Сондықтан кәсіподақтың неге ұмтылатынын түсінді. Ол шебер саясаткер болды. Қазіргі жаңашыл өмірімізде жетіспейтін мәселелерді қиындық тудырмай шеше білді.

 

Еркен РАХМАНҚҰЛОВ, «Богатырь Көмір» ЖШС жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры:

- Александр Иванович өзінің айналасындағыларды рухтандыратын тамаша өмір сүрді. Ол әрдайым адамдарға қызығушылық білдірді, сабырлы және жомарт болды. Кәсіподақтық ұйымды басқара отырып, Александр Иванович сындарлы шешім таба алатын, алға қарай жүруге көмектесетін кәсіподақ қызметіне жаңашыл жолдар енгізу ұстанымын ұстанды. Оның үлкен жоспарлары болды. Өкінішке қарай менің досымның әрі әріптесімнің ғұмыры қысқа болды. Менің жүрегімде және есімде ол үлкен абыройдың адамы болып қала береді.

 

Сүйіндік АХМЕТОВ, «Богатырь Көмір» ЖШС сату және көмір нарығы жөніндегі директоры:

- Александр Иванович жұмысшылармен басшылық арасын байланыстыратын мықты буыны болды. Ол туралы естелікті біз оның жұмысындағы ұстанымдарымен басшылық етуіміз керек, өзі негізін қалаушы болған кәсіподақ ісінің дәстүрін жалғастырумыз қажет.

 

Михаил НИКИФОРОВ, Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібінің жұмыскерлер Кәсіподағының төрағасы:

- Мен үшін бұл адаммен байланыстының бәрі жарқын болады. Ол көмір өнеркәсібінің жұмысшылары үшін, кәсіподақ ұйымының дамуы үшін және оның бірігуі үшін көп нәрсе жасады. Ол ашық әрі қамқор болды . Спортты, әсіресе футболды жақсы көрді. Шахтер күніне үнемі кәсіподақтар арасында жарыстар ұйымдастырды. Маған ол дос және мықты маман ретінде

жетіспейді. Ол сияқтылар, қатты өкінішке қарай, өте аз. Ал менің өмірімде тіпті де болуы мүмкін емес.

 

Қайрула ТУРАТАЕВ, «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитетінің төрағасы :

- Александр Иванович – талантты адам. Ол, айтқандай, өз орнында болды. 90-жылдардың басында кәсіпорынмен еңбек ақыны төлемейтін қиын жылдарды бірге көріп, ол, еңбек ұжымының мәселелерін шешуде көп қатысты. Инвесторлар келгенде, Александр Иванович өз жұмысын әлеуметтік саланы сақтауға бұрды: Баянауылдағы жұмысшылармен олардың балалары үшін демалыс аймақтарын. Әрине, соның арқасында компанияда ұжымдық шартты жақсарту жөніндегі жұмыс басталды және бүгінгі күнде жалғасын табуда. Александр Иванович өмірінің соңында істеп үлгергені – «Богатырь Көмір» ЖШС жұмысшыларына тұрмыс жағдайларын жақсарту және баспана алу үшін пайызсыз қарыз беру. «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілік бойынша республикалық байқауында біздің кәсіпорынның ұжымдық шарты жүлделі орын алды. Бұл да әрине оның еңбегінің арқасында. Ол өз ісінің майталманы, тамаша отағасы және жақсы жолдас болды.

 

Алексей МАКУШИН, «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары:

- Қай жерде ол болса да: жұмыста ма, іссапарда ма, әлде демалыста, барлығында жұмысшылармен кәсіподақ қызметінің мәселелеріне қызу талқылай жүрді. Александр Иванович кез келген мәселені басшылықтың мазасын алмай, мүмкіндігінше өздігінен шешуге тырысатын адамдардың бірі болды. Менің көзқарасым бойынша, компанияның көптеген жұмысшыларына қазіргі таңда оның мықты тірегі, оның жолдастық кеңесі және қолдауы жетіспей тұрған сияқты.

 

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Анатолий БУТЫРИНДІКІ

Жаңалықтар тізіміне оралу