Алға қадам басқандар үшін
13.03.2020
«Богатырь Көмір» компаниясында «Жас талап - ұмтылу» жаңа оқу жобасы бастау алды.
Оның негізгі мақсаты – өздерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ұмтылатын жас және келешектен зор үміт күттірер мамандардың мүмкіндіктерін ашу. Жобаға қатысу үшін іске асырылатын инновациялық жобаларда белсенділік танытқан және кәсіби қызметі саласында белгілі бір жетістіктері бар қызметкерлер шақырылды. Оқыту үрдісі кезінде олар өздерінің жеке және іскерлік қасиеттерін дамыту үшін бар мүмкіндіктері туралы білді.
Оқу топтарын құру үшін жұмыс жалғасуда. Биылғы жылы, «Жас талап- ұмтылу» бағдарламасы бойынша кәсіпорынның 80-нен аса жұмыскерді оқыту жоспарлануда.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.