Қазақ тілін үйрену бойынша топ Төртүй ауылына концерттік бағдарламамен барды.

11.03.2020

«Богатырь Көмір» компаниясында өзге ұлт өкілдерінен тұратын қызметкерлер арасында қазақ тілін оқытуды дәріптеу мақсатында тұрақты түрде сабақтар өткізіледі.

Жаңа оқу жылында отыз бір қызметкер оқытуды бастады. Мұғалім Гаухар Боранбаеваның айтуынша халықтың дәстүрі мен ұлттық әндері арқылы тілді үйрену оңай. 8 Наурыздың қарсаңында оның оқушылары Төртүй ауылына концерттік бағдарламамен барды. Олар әйгілі қазақстандық музыканттардың әндерін шырқады. Ауылдықтар әртістерді құшақ жая қарсы алды және мемлекеттік тілді жетік меңгергендерін атап бағалады. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Саржанов Зарлық аға көрсеткен ықыластары үшін кәсіпорын ұжымына алғысын білдірді және мұғалімдерді атқарған жұмыстары үшін мақтады. Концерттің соңында залда «Богатырь Көмір» компаниясының әнұраны орындалды.  

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу