Көңілді старт
09.03.2020
Наурыз мерекесіне арналған "Богатырь Көмірдің" құрылымдық бөлімшелерінің әйелдер командаларының арасында жақсы дәстүрге айналған "Көңілді старт" бүгін компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде өтті.
Жарысты командалардың музыкалық сәлемдесуі ашты. Одан кейін жылдамдыққа, ептілікке, сонымен қатар жұппен жұмыс істей білуге қызықты жарыстар кезегі басталып кетті. Байқау тапсырмаларының мәні олардың атауларында болды: "Стирка", "Бобслей"," "Баллон", "Балансты ұста", "Төмпешікпен". Барлық командалар жеңіске деген қызғанышты ұмтылысын көрсетті. Соған қарамастан, турлардың қорытындысы бойынша ең үздік нәтижені бірінші орын алған "Пираттар" командасы көрсетті (атқ.аппарат, капитаны- Склярова Анна). Екінші орынға "Банда" командасы ие болды(жүк қызметі, капитаны-Нағметова Күлаш). Бір ұпайға ғана олардан "Милашки" командасы қалып қойды(ТКЖЖзауыты, капитаны- Хуанған Айжарық). Жүлделі төртінші орын "Великолепная шестеркада" (күрделі құрылыс дирекциясы, капитаны- Попова Людмила). Барлық жүлдегерлер грамотамен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.