Алғыс хаттар алды
30.01.2020
«Сатып алуларды категориялық басқару» трансформациялау жобасына қатысқандары үшін коммерциялық дирекцияның нарықты мониторингілеу және конъюнктуралау бөлімінің менеджері Александра Логинова және «Богатырь Көмір» ЖШС-нің келешекте дамыту жөніндегі техникалық директордың орынбасары Дәулет Ахметжанов «Самұрық-Энерго» АҚ төрағасының алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықақылармен марапатталды.
Трансформациялау бағдарламасының бірқатар жобасының салнататты аяқталуы «Сандық шешімдер жолында» атты ұранмен «Самұрық-Энерго» АҚ ақпараттық күні аясында өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ сандық трансформациясы жөніндегі басқарушы директор Дәурен Керейбаев, электрэнергетикалық холдингтің еншілес компанияларының басшылары, сондай-ақ серіктестер мен стейкхолдерлер қатысты.
Жобалық командаларды «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жолманов жеке құттықтады. Ол жобаға қатысушыларға: «Компанияның тиімділігін көтеруге қосқан маңызды үлестері, жоғары кәсіби біліктіліктері үшін жобалық команданың барлық мүшелеріне алғысымды білдіремін»- деді.
Ақпараттық күн барысында «Самұрық- Энерго» АҚ жобалық командасы сандық трансформациялау Бағдарламасының саласындағы өздерінің табыстарымен және ақпараттармен бөлісті. Мамандардың айтуынша компанияның көптеген жобалары табысты аяқталды, операциялық қызметке өтті және бүгін де пайда әкелуде. Аяқталған жобалардың ішінде: «Сатып алуларды категориялық басқару», «АТ-ның жаңа үлгісін енгізу», «Сату үдерістерін дамыту және трейдинг үдерістерін енгізу» болды. 2018-2019 жж. кезеңінде операциялық деректер бойынша жобалар жиыны 15 миллиардтан аса сомаға таза пайда әкелді.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.