Самұрық-Энерго бизнесті дамыту үшін жаңа идеялар іздестіруге старт жариялады.
29.01.2020
«Самұрық-Энерго» АҚ –ның басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов ақпараттық күн аясында барлық ЕТҰ –ны қызметтің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жаңа идеяларды шығаруға шақырды. «Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ қорымен бірге трансформациялау Бағдарламасын іске асырудың тәсілдерін қайта қарастырды. Бүгін өндірістік күштерді үдету үшін сандық шешімдерді қолданумен өндірістік міндеттерді тоғыстыруға назар бөлінді. Компания қазанда жобалардың жаңартылған жиынын құрды. Ол стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, компанияның құнын көтеруге және операциялық шығындарды төмендетуге бағытталған.
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов ақпараттық күн барысында жаңа идеяларды іздестіру бойынша жұмысқа белсене қатысу туралы холдингтің еншілес ұйымдарына жүгінді.
«Идеялар жинақтау стартын жариялаймын. Ең үздік идея үшін жылдың аяғында ақшалай сыйлықақы беріледі. ЕТҰ-ның бірінші басшыларына жүгінумен өздерінің қызметкерлеріне идеяны әзірлеу туралы ақпаратты жеткізу және орындарда мәжілістер өткізу керектігін атап өткім келеді», - деді Бақытжан Жоламанов.
Кез-келген топ қызметкері өзінің ұсыныстары мен идеяларын келесі электронды мекенжайға жібере алады: ideas@samruk-energy.kz
Қосымша ақпарат пен кеңесті келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 553-102.