Кеншілер алдында есеп берді

28.01.2020

Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаиповтың «Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі бүгін «Богатырь» кенішінің ӘТК акт залында өтті. Оның барысында қала басшысы кездесу қатысушыларын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және осы жылға жоспарлар туралы толық ақпараттандырды. Одан кейін көптеген сауалдарға жауап берді. Кеншілерді қызықтырғаны – көшелерді, оның ішінде жеке меншік секторларды жарықтандыру және асфальттау жұмыстары бойынша жұмыстар жалғастырыла ма?, сонымен қатар  «Болашақ +» және «Макси молл» сауда орталықтары арасында жаяу өткелдерде белгі онату мүмкін бе?. Олар әкімнің назарын Петренко көшесі бойындағы ашық кәріз люктері мәселесіне, үй жанындағы аумақтарды қардан тазалау бойынша ПИК нәшар жұмысына, автобус тасымалдауларының сапасына аударды. Сұрақтардың әрқайсысына Ержан Иманзаипов толық жауап берді, ал  кейбір сұрақтар бойынша ТКШБ, полицияға, коммуналдық қызметтерге нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу барысында  полиция басқармасы бастығының орынбасары Елнұр Букаев құқықбұзушылықты алдын алу бойынша қолданылатын шаралар туралы баяндап берді. Ісшара 6 ақпан күні өтетін қала әкімінің қорытынды есеп беру кездесуіне делегаттар сайлаумен аяқталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу