Еуропада білім алды
25.01.2020
«Богатырь» кенішінің экскаватор машинистерімен және аға механиктер тобы, сонымен қатар ТКБ аға механигі Кольмар қ. (Франция) және Ненцинг қ. (Австрия) LIEBHERR компаниясының өкілдігінде оқытудан өтті.
Оқу барысында кеніш мамандары Liebherr R 9250 және Liebherr HS8040.1 гидравликалық экскаваторларын пайдаланудың құрылымдық ерекшеліктерімен ережелерін үйренді. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 10 қаңтарында «Богатырь» кенішінде Liebherr R 9250 жаңа экскаваторы салтанатты түрде іске қосылды. Жаңа экскаватордың құрылымдық ерекшеліктерін жақсы білуге мамандарға LIEBHERR компаниясының өкілдігінде арнайы оқу жаттығуларында алған теориялық білімдер, сонымен қатар тәжірибе көмектесті. Францияда оқытудан келесі құрамдағы топ өтті: экскаватора машинисті Болатбек Ахметов, Сергей Деревяшкин, Леонид Швецов, Дмитрий Полишкевич, сонымен қатар аға механиктер Илья Ефремов және Артем Справцов. Ал Австрияда - экскаватор машинисті Александр Малогорских, Леонид Ворончихин, Евгений Олейник технологиялық көлік Басқармасының аға механигі Арман Қабдыкәрімов.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.