Жеңісті бастама
17.01.2020
Келген жылды «Богатырь Көмір» спортсмендері жеңісті бастады.
Спорттық марапаттардың жинақ сандықшасына кезекті алтын медалді богатырлік палуан Иманбек Әлкенов қосты. «Алтынды» Иманбек Павлодар қаласындағы қазақша күрестен Қазақстан чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақ категориясында жеңіп алды. Шаңғы жарысы бойынша қала чемпионаты аясында «Снежинка» тау шаңғы базасының трассасында бірінші орынды Сара Прокофьева (Бас энергетик Қызметі) және Ғалымжан Макишев («Богатырь» кеніші) жеңіп алса, екінші болып мәреге Қаныбек Масақбаев (Автобаза) және Қанат Қалиханов (күрделі құрылыс бойынша Дирекция) жетті.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.