Жұмысқа ыңғайлылықпен
24.01.2020
Компания автопаркін үш жаңа жүк жолаушы «УАЗ-390995» толықтырды. Автомашиналар кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік учаскелерге жұмыскерлерді тасымалдау үшін пайдаланылады. Өткен жылдың желтоқсанында компания осындай түрлемдегі үш «УАЗ» сатып алды. Салонда бес отырғызатын орны, қажет болған жағдайда алып тастауға болатын әмбебап үстелше бар. Қосымша жылыту есебінен жолаушыларға қыстың өзінде жайлы болады. Жолаушыларға қауіпсіздікті қауіпсіздіктің 3 нүктелі инерциялық белдік қамтамасыз етеді. Салонның ішкі кеңістігі арақабырғамен бөлінеді – артқы бөлігінде жүк бөлігі қарастырылған. Артқы айқарма есіктер және шағын жүк тиеу биіктігі жүк бөлігіне жеңіл кіруді қамтамасыз етеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.