Әлі де қызмет етеді
22.01.2020
«Октябрьская» станциясының монтаждау алаңшасында ЭКГ-12УС №2601 экскаваторына жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуде.
Экскаватордың жұмыс жабдығын бөлшектеген соң жүріс механизміне жөндеу жүргізу жоспарлануда – тірек аунағын, қола төлкелер мен ішпектерді, иінді білікті, шынжыр табанды трактардың буындарын, мойынтіректер мен жүріс бәсеңдеткішінің тісті берілісін ауыстыру. Ауыстыруға өз ресурстарын тауысқан тісті берілістер мен көтергіш, тегеурін мен бұрылыс бәсеңдеткіштеріндегі мойынтіректер жатады. Жүргізілген ақау іздеудің қорытындысы бойынша арқалық-тұтқыш пен шөмішті жөндеу көзделген. Электржабдықтар жаңартылады – төменгі вольтті коммутациялық басқарудың шкафтары мен кабельдер монтаждалады. Ақаулы өнім тізімдемесіне сәйкес электр машиналарға жөндеу жүргізіледі (синхронды қозғалтқыш, көтергіш, бұрылыс пен тегеурін генераторы, басты жетектер тұрақты тоғының қозғалтқышы). Күрделі жөндеуді жүргізу мамыр айына жоспарлануда.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.