Менің арман жолым

04.04.2014

Спорт әлеміндегі «Богатырь» 

 

Жақын күндері  «Богатырь  Көмір» компаниясының сату және көмір нарығы дирекциясының маркетинг бөлімінің сату бойынша менеджері Толеген Муқановтың отбасында көңіл сүйсіндірерлік оқиға болд ы. Толегеннің ұлы  - он бес жасар Алмаз Муқанов    65 кг-ға дейін  салмақпен 14 пен 17 жас аралығындағы жастар санатында күміс таңбалы медалінің иегері атанып ITF таэквон-до бойынша Қазақстан Республикасының  Ашық Чемпионатынан үйіне оралды. Жарыс өткен Алматы қаласына бару көмірлі кәсіпорынның басшылығымен көрсетілген демеушілік қолдауының арқасында мүмкін болды.  Өзінің он бес жасында Алмаз  – спорт шеберіне үміткер, қара белдіктің үміткері – Қазақстанның төрт мәрте чемпионы және таэквон-до бойынша көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері. Оның қоржынында жиырма медаль бар. Алмазтың әкесінің айтуынша,  олардың көбі – алтынмен қапталған.  Бұл жетістіктер ұлының онжылдық жаттығуларының нәтижесі болып табылады.  Спортпен айналысу мектептегі оқуына кедергі жасамайды: №23 ЖОБМ 9 «А» сынып оқушысы оқу үздігі және «Алтын белгі» атағына үміткер.  

Алмазқа спортқа деген махаббатты оның әкесі дарытты. Сату бойынша менеджердің бірінші жоғары білімі  - спорттық.  Ол қазір де белсенді өмір жүргізуде,  өз кәсіпорнын әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда қорғайды және «Самрұқ Энерго» құрамында ойнайды. Қазіргі уақытта келешегінен көп үміт күттіретін жас спортшы  таэквон-доның Ұлттық спорттық федерациясының Павлодар филиалында жаттықтырушы Сергей Мельниковтың бастауымен  жаттығуда. Ол қазір өзінің арман жолында  - спорт шебері атағының иегері атану. Толеген Муқанов   соңғы чемпионат және кезекті медалі ұлын спортқа жақындыра түскенін айтты: ұлы бұл атақты әр түрлі жарыстарға қатысып  жүлделі орындар алумен  үзбей қорғайды. Сондықтан  ең бір қуантарлығы, ол қызмет істейтін көмір шығарушы компанияның басшылығы оны құптап жарысқа баруын жүзеге асырды.  -  «Богатырь Көмір» басшылығына, бір жағынан,  бас директор Виктор Щукинге және компанияның кәсіподақ төрағасы Қайролла Торетаевқа көңіл бөлгендері үшін және қаржылай көмектескені үшін  ерекше ризашылығымды білдіремін.  Бізге бұл чемпионатқа қатысу өте маңызды. Оның қорытындысы бойынша  Әлем чемпионатына, Европа кубогына және Азия чемпионатының кубогына қатысуға Қазақстанның ұлттық командасы құрылады. Біз, Алмаздың бұл құрамға кіретініне үміттенеміз. Ақырында, егер ол  осы жарыстардың  бірінде жүлде алса, онда ол спорт шебері ғана болып  қоймай, халықаралық кластағы спорт шебері атанады.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет: Анатолий БУТЫРИНДІКІ

 

 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу