Оқытудан өтті

29.12.2019

Серіктестікте өтер жылдың соңғы айы семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларға толы болды. Серіктестіктің топ-менеджерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары желтоқсанның 10-13 күндері аралығында өткен «Менеджменттің біріктірілген жүйесіндегі жоғары басшылықтың рөлі» тақырыбындағы тренингке қатысты. Сонымен қатар жұмыскерлердің санасын өзгертуге, өзін-өзі сараптау құралдарын пайдалану мен басқару әдістерін жетілдіруге бағытталған басшылар мен мамандарды дамыту жөніндегі «Өрлеу-Продвижение» бағдарламасын іске асыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Аталмыш жоба аясында оқу іс-шаралары өткізіліп, олар өздігінен жұмыс жасаудың платформасы мен бастамасы болды, қаржылық менеджмент мәселелері бойынша өз білімдерін кеңейтті.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу