Болашақ шеберлер үшін
28.12.2019
Компания қызметкерлерінің он бес баласы «Кекушинкай каратэ» секциясына қатыса алады.
«Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік саясаты кең және көп бағыттарды қамтуда. Қала спортсмендері де назардан тыс қалмауда. «Кекушинкай каратэ» секциясының басшысы Санат Бақтыбаев көршілес қалаларға жарыстарға баруды ұйымдастыру үшін бірнеше рет көмекке жүгінді. Жас каратэшілерге көлік беріп отырды. Бірлескен ынтымақтастық арқасында, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ата-аналары компанияда жұмыс істейтін балалар клубқа тегін кіре алады. Бүгінгі күні бес бала «Кекушинкай каратэ» секциясында жаттығып жүр. Арсен Айтанов екі жылдай каратэмен айналысып жүр және Екібастұз қаласында өткен турнирге де қатысып үлгерді. Оның әкесі Серікжан Байсұлтанов БЖКБ-нда жұмыс істейді және ол ұлында осы жылы секцияға тегін қатысуға мүмкіндік пайда болғанына қуанышты. Ағасы соңынан Шығыстың күрес өнерінің қыр-сырын тануға қарындасы барды. Отбасында барлығы бес бала. БЖКБ-ның қызметкері Ансар Жакимовтың көп балалы отбасынан шыққан екі баласы да осындай тиімді ынтымақтастықтың арқасында спортсмендер атанды.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.