Жылдың үздік спортсмендері
27.12.2019
«Богатырь Көмір» компаниясы спорттық жарыстарда өздерін көрсетіп жүрген қызметкерлерді үнемі көтермелеп отырады.
Республикалық және халықаралық турнирлерге баруды ұйымдастыру үшін барлық жұмыскерлерге қаржылық көмек беріледі. 2019 жылы көптеген жеңістерге жеттік және басшылық бұл фактіні назардан тыс қалдырмады. Серіктестік бас офисінің конференц-залында спорттық атақтары Екібастұз бен Қазақстаннан асқан «богатырлық» спортшылар марапатталды. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің туы әлемнің көптеген қалаларына әйгілі болғаны бізді қуантады. Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Азат Макенов спорттағы жетістіктері үшін жұмыскерлер тобына грамоталар мен ақшалай сыйақылар ұсынды. Марапатталғандардың ішінде самбо бойынша әлем чемпионының қола жүлдегері Серік Саттаров та болды. С.Саттаров кәсіпорнына алғысын білдіре отырып, өзінің Павлодар облысының спортшылармен көптеген турнирлерге барып жүрсе де осындай қолдауды еш жерден көрмегенін айтты. Кипрде оған ең жақсы жағдайлар көрсетілген. Компания басшылығы спортпен шұғылдануға барлық мүмкіндіктер берді. Бұқаралық спортты дамыту – компания басымдылықтарының бірі екенін айта кеткіміз келеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.