Ертегіні БЖҚ сыйлайды
27.12.2019
Баршамызға сүйікті мерекеміз - жаңа жыл қарсаңында «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділері қала балаларында қонақта болды.
БЖҚ жастары «Өмір» оңалту орталығының 50 тәрбиеленушісінің бүгінгі күнін ертегілік қойылым мен тәтті сыйлықтарға толтырды. Қуанышқа кенелген балалар дәстүрлі түрде «Орманда шырша туды» әніне Аяз Ата мен Ақшақармен бірге қол ұстасып би биледі.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.