Бастысы – жұмыс істеу ниеті

24.12.2019

Қысқы демалыс  -шаңғы, кәнки, шана, атпен серуендеу, мұзасты балық аулау секілді әр түрлі белсенді ойын-сауықтарымен ерекшеленеді. Қысқы ойын-сауықтардың осы барлық ғажаптарына  «Жасыбай» демалыс орталығына барған «Богатырь Көмір» компаниясының жұмыскерлері құнына қарай бағалай алды. Оларға және олардың отбасыларының мүшелеріне жолдамалар жеңілдік құнмен беріледі. Көбісі осындай мүмкіндікті пайдаланды және өз туыстарын табиғатқа шығумен қуантты. Әр кірумен  жалпы сыйымдылығы 79 демалушыларға арналған қонақ үйлерінің барлығы толтырылады. Жайлы жағдайлар балалармен демалу үшін де жасалған. БЭҚ реттеу жөніндегі инженері Денис Смородиннің отбасы бұл жайтты  өз бастарынан өткізді. Олардың кіші ұлы Григорий небәрі екі жаста, ал ол болса Жасыбайға бірінші жыл келіп жүрген жоқ. Бұл жерде  бос уақытты өткізу үшін барлығы бар – қолжетімді  бағамен жалға беру, сырғанақ, монша, төбешіктер. Кешке жақын үстел теннисінде, бильярдта ойнауға болады. Бақыт Сарсембенова компанияның автобазасында бірінші жыл жұмыс істейді және қысқы мерзімде демалыс үйіне де алғаш рет шықты. Ол қалада бұлай демала алмайтындығын жасырмады. Көңілді ойындардан кейін барлық үй қамдары жайлы бір сәт болса да ұмытасың. Ол қызымен  жылдам әрі адреналинмен  төбешіктен тюбингпен төмен сырғанады. Кейбіреуіне  мұзда сырғанау жанына жайлы болды. Александр Полишкевич, конькида сырғанауды ұнататынымен бөлісті және өзінің тамаша білетінін көрсетті. «Дегенмен бұл жерде қалаға қарағанда  жақсырақ», - бір дауыспен демалушылар қайталады.

Қыста демалудың ерекшелігі – бұл таза ауадағы көңілді ойындар. Әр ниет білдіруші денсаулықтары үшін пайдамен және қызығушылықпен уақыт өткізуге келулеріне болады. Жолдамалар компания қызметкерлеріне де, сондай-ақ сырттағы сатып алушыларға да қолжетімді.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу