Энергетик Күнінің құрметіне

23.12.2019

Компанияның бас энергетик қызметінде Энергетик Күніне және «Богатырская» станциясы қазандығының 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекенің құрметіне БЭҚ бас инженері Н.Казанцев көп жылғы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жұмыстағы жоғары нәтижесі үшін  «Еңбегі сіңген энергетик» белгісімен марапатталды, БЖКБ бас энергетигі П.Шалаповқа «Құрметті энергетик» белгісі берілді. БЭҚ электржабдықтарды жөндеу бойынша учаскесінің электрслесарі С.Казаков Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хатын алды. Бас энергетик қызметінің барлық учаскелеріне, сондай-ақ бас энергетиктерге грамоталар берілді: «Богатырь» кеніші Ж.Билялов, БЖКБ П.Шалапов, ТКЖЖ зауыты И.Василюк, автобазаның бас механик бөлімінің энергетигі Г.Сыздық, ТКБ бас механик бөлімінің энергетигі Н.Сулеев; БЭҚ жөндеу және сынау жөніндегі жетекші инженер С.Трефилов «Казэнерджи» Құрмет грамотасымен, жабдықтарды жөндеу бойынша учаске бастығының орынбасары Д.Антикеев Қазақстандық Электрэнергетикалық Ассоциацияның Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу