Әлеуметтік жауапкершілік үлгісі
25.11.2019
Әлеуметтік жауапкершіліктің кезекті үлгісін «Богатырь Көмір» компаниясы көрсетті.
Кәсіпорын Ақкөл ауылында орналасқан «Исабек Ишан» кесенесіне және «Ақтоғай» ауылындағы «Жандарбек» мешітіне 50 тонна көмір бөлді. Компания басшылығы үйсіз жануарларға арналған баспанаға 10 тонна көмірді тегін бөлумен қалалық «Бақытты болу құқығы» қоғамдық қорының жануарларға көмек көрсету бойынша өтінішін назардан тыс қалдырмады. Бұрын да компания бұл баспананы отынмен қамтамасыз еткен болатын.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.