Сүйікті ісіне арнады
23.11.2019
Көмір сапасын техникалық бақылау бөлімінің сынама алғыш Ләззат Асқарова 30-ға жуық жылын көмір шығарушы кәсіпорынға арнады.
Зертханада ол көмірді ұсатумен және оны әрі қарай сынақтарға дайындаумен айналысады. Бұл іс –қарапайым іс емес. Сынамаға арналған бос цилиндрдің салмағы 19 келі. Оған қоса жарты келі көмірді төгіп, бірнеше ауыр ұсату қылталарын төсейді. Ондай цилиндрлерде «қара алтын» кесегі фракциясы 0,2мм дейін көмір ұнына ұнтақтайды. Әйтпесе көмір сапасы нақты анықталмайды.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.