Пайызсыз қарыз беру
30.10.2019
Бүгін «Богатырь Көмір» қызметкерінің оқуға, тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, үй салуға пайызсыз қарыз алуға мүмкіндігі бар.
Бұл үшін жұмыскерге келесілер қажет: - Компанияның еңбекті төлеу және еңбекақы бөлімінен (Б. Момышұлы, 23, 222-каб.) өтініш бланкісі мен қажетті құжаттар тізбесін алу; - Өтініш толтыру және оған құрылымдық бөлімше басшысының қолын қойғызу; - Екі кепілгер табу (300,0 мың теңгеге дейін сомада – бір кепілгер); - Еңбекті төлеу бойынша бөлімнің бухгалтериясынан қарыз алушының және кепілгердің орташа айлық еңбекақысы туралы анықтама алу; - ХҚО-дан жұмыскердің және жұбайының тұрғын үйінің бар екендігін немесе жоқтығын растайтын анықтама алу (оқуға арналған қарыздан басқа); - Құжаттар пакетін жинау (толық тізбесін слайдтан қараңыз) және комиссияда қарастыру үшін оны еңбекті төлеу және еңбекақы бөліміне тапсыру (Б. Момышұлы, 23, 224-каб.).
Өтініш үлгісімен құжаттар тізімін «bogatyr.kz» корпоративті сайтынан (Сілтеме «Пайызссыз қарыз беру» баннерінде) жүктеп алуға болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.