Еңбек күні

27.09.2019

«Богатырь Көмір» компаниясында еңбек Күнін көңілді, жылы сөздермен, музыкалық композициялармен қарсы алды.

«Богатырлық» кеншілер жұмыстарын атқара отырып, жас мамандарға тәжірибесін беріп үлгеретін еңбек ардагерлеріне бастарын иіп, алғыстарын білдіруді дәстүрге айналдырды. Жыл сайын еңбек Күні қарсаңында кәсіпорын басшылығы кәсіби дайындықтары бойынша қызметтерін есепке алумен әдістемелік кеңес таңдаған өзінің қырықтан аса қызметкеріне құрмет грамоталар мен сыйлықақылар берді. Компанияда «шахтерлық мұғалімдер» деп сеніммен айтуға болатын мыңға жуық адам бар. Осы іс-шарада «Менің тәлімгерім» атты шығармашылық конкурстың жүлдегерлерін де марапаттады. Биылғы жылы Рапык Мейрамбек, Айжарық Хуанган, Елена Чевжик пен Валентина Игнатова жүлдегер атанды. Іс-шараның қонақтары – жеке құрам және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор Азат Макенов, бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров, оқу-курстық комбинаттың бастығы Любовь Шарипова, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы Игорь Попович, ТКЖЖ зауытының бас инженері Виталий Лось, Қ.Пішембаев атындағы ЕТТК-нің директоры Сәуле Қабышева жиналғандарды мерекемен құттықтады және жүлдегерлерге сыйлықтар берді.

Жаңалықтар тізіміне оралу