Жаңа, күшті, кенішке арналған
20.09.2019
«АСТАНАБЕЛАЗСЕРВИС» сервистік қызметінің мамандары мен ТКЖЖ зауытының монтаждау бригадасы тағы да жүк көтергіштігі 130 тонна «БелАЗ-75139» жаңа карьерлік самосвалдың үшіншісін пайдалануға тапсырды.
Ауыр жүк машинасын компанияның технологиялық көлік басқармасына табыстау тәртібі «Октябрьская» станциясының монтаждау алаңында өтті. Жаңаша түрлендірілген машина «Hitachi» жапон фирмасы шығарған заманауи электржабдықпен, «Cummins» американдық компания жасаған қозғалтқышпен, немістің «Bosch» дайындаушы зауыты шығарған сорғымен жабдықталған. Жақында көп тонналы машина кеніште көмір тасымалдауға кіріседі деп жоспарлануда.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.