Жаңарту бағыты
13.08.2019
«КамАЗа-43118» базасында жаңа «Ивановец АК-25» автомобильді краны компанияның техникалық паркін толықтырды.
Инвестициялық бағдарлама аясында сатып алынған автокран салмағы 25 тоннаға дейін жүкті көтере алады. Машина компанияның өндірістік нысандарында тиеу-түсіру, құрау-салу және авариялық жұмыстар кезінде пайдаланылатын болады. «КамАЗ» дизельді автокраны температурасы -40оСдан +40оС-ға дейін құрлықтағы шұғыл климаты бар аудандарда жұмыс үшін жасалған. Машина шығару тіректерімен жабдықталған. Кранда жүктеу дәрежесін, ұзындығын және жебенің ұшуын бақылайтын сандық аспаптармен хабаршылар жиынтығы бар. Жиынтыққа кіретін «қара жәшік» шынайы уақыт тәртібінде және өздігінен жүретін машинаны пайдаланудың барлық кезеңінде автокранның жұмыс үрдісін жазып отырады.
Қанат АЛДАБАЕВ
Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.