Адамдар

"Қаршыға"-"Қаршыға", мен "Үкі"....

28.05.2018

Ол метеор ағынының іздерінен белгіні шағылдырумен немесе спутниктерді қолданумен радиобайланыс жүргізе алады, бірнеше минут ішінде Азиямен немесе Америкамен байланысқа шығады, кейде тіпті ХҒС ғарышкерлерімен байланысқа түсуі мүмкін. Өз араларында оны UN1F шақыратын белгі бойынша таниды. Ол облысымыздағы танымал радиоәуесқой, «Павлодар облысы радиоспорт федерациясы» ҚБ директоры, «Қазақстанның радиоәуесқой қызметтерінің ассоциациясы» ЗТБ атқарушы комитетінің өкілі, әртүрлі санаттағы радиоспорт бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы: «Кеңес одағының барлық облыстарымен жұмыс істедім», «Қазақстанның барлық облыстарымен жұмыс істедім», «Әлемнің 150 елімен және аумағымен жұмыс істедім» көптеген радиоәуесқой дипломдардың иегері Анатолий Криницын.  Сонымен қатар ол біздің әріптес, «Богатырь Көмір» ЖШС ішкіэкономикалық байланыстарды үйлестіру бөлімінің бастығы және қарапайым әуесқой адам.

Бір адамның бойында мүлдем басқа екі үлкен қызметтің үйлесуін «байланыс»  деп атауға болатын шығар.  Дәл осылай жолға қою мүмкіндігі, атап айтқанда сыртқы әлеммен байланыс орнату мүмкіндігі жетінші сынып оқушысын Солтүстік Уралда орналасқан, туған Волчанскідегі жас техниктер клубының жанындағы радиотехникалық үйірмеге жетеледі.

 - Жас техниктер клубының жанында ұжымдық радиостанция болды. Мені бүкіл әлеммен радиобайланыс жүргізу болатындығы туралы ой таңғалдырды. Бала күнімде Морзе әліппесін жаттап алдым, телефон және телеграфтық байланыстың қыр-сырымен таныстым. Содан кейін ғана маған радиоэфирге шығуға рұқсат берілді. Радиостанциялар бұрын қолдан істелген болатын. Олар қабылдағыштан, хабарлағыштан және антеннадан тұратын. Бізде ДОСААФ берген әскери есептен шығарылған қабылдағыш болды. Ал хабарлағышты өзіміз әртүрлі материалдар мен бөлшектерден, шамдардан, транзисторлардан жасадық. Дәнекерледік, кестік, дәлдедік.... Менің бірінші радиобайланысым Киров қаласының мектеп ұжымының радиостанциясымен 80 метрлік диапазонда UK9CAX ұжымдық радиостанциясымен ортанылды.

 Қазір электрониканың, автоматиканың, сандық технологияның дамыған дәуірінде қабылдағыштар мен хабарлағыштар сигналды сандық түрлендіретін трансиверлермен алмастырылған. Қажетті аппаратура санын, кодталған сигналдармен, сандық түрлермен эфирде белсенді жұмыс істейтін компьютерлер толықтырды.  Интернет пен ұялы байланыс радиоәуесқойлықты ығыстыра алмады.  Радиотолқындар арқылы сұхатбаттасумен әуестенетіндердің өз сайттары мен чаттары бар, олар сол арқылы ақпараттармен алмасады. Көбінесе олар жабдықтар, антенналар, радиоәуесқойлардың экпедициялары және басқа да көп нәрселер туралы ақпарат бере отырып және радиотолқындардың өтуін қолдана отырып қысқа және ультрақысқа (ҚТ және УҚТ) толқындармен эфирде байланысқа шығады. Радиоәуесқойлықпен әртүрлі елдің танымал өкілдері Иордания королі Хуссейн 1, Испания королі Хуан Карлос І, саяхатшы, диакон Федор Конюхов, Қазақстан ТЖМ министрінің орынбасары Валерий Петров және тағы басқалар шұғылданған.  Радиоәуесқойлар өздерін тілдесуден шектейді деп ойлау  - үлкен қателік. Олар түрлі контитенттерде отырып бір-бірімен байланысып қана қоймайды, 400-500 км биіктіктегі біздің планетамыздың орбитасында отырғандармен әлсін-әлсін байланысқа түсу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ Айдың және ғарыштық объектілердің шағылысуымен байланыс жасайды.

 - ХҒС ғарышкерлерімен радиобайланыс алдын ала келісу бойынша жүргізіледі. Компьютерлік бағдарламаның көмегімен (кеплеров деректері бойынша) біз спутниктер мен ХҒС станциясының қайда орналасқанын байқай аламыз. Олармен радиобайланыс орнату үшін ХҒС радиостанция тұрған жердің үстіндегі көрінетін аймақта болуы қажет. ХҒС біздің үстімізден ұшып бара жатқанда ғарышкерлермен төменгі орбитада 10-15 минут байланыс жасауға болады. Олармен сөйлесу негізінен байланыс жүргізетін жабдықтардың техникалық деректеріне қатысты болады, оқушылар станциядағы ғарышкерлердің өмірі мен қызметі туралы сөйлеседі. Биылғы жылы ғарышкерлер Күнінде арнайы акция өткізілді.  Ғарышкерлер орбитада отырып ХҒС бортынан Интерғарыш ғарыштық бағдарламасының 40 жылдығы құрметіне  радиоәуесқойларға сандық түрдегі компьютерлік суреттерді жіберді.  

Ғарышкерлер үшін радиоәуесқойлармен жұмыс істеу әлемдегі байланыстан, тұйық кеңістіктен алған психологиялық жеңілдену болып табылады. Ғарышкерлердің барлығы орбитаға шығар алдында радиоәуесқойлық шақыратын белгі алуға емтихан тапсырады.

 Радиоәуесқой болуға бел буғандарға да емтихан тапсыру қажет болады. Бұрын емтихандарды әртүрлі ДОСААФ-тарда, радиотехникалық мектептерде тапсыратын, ал қазір радиоспорт федерациясы жанындағы немесе тізімі ақпарат және коммуникация министрлігімен бекітілген Қазақстанның басқа да радиоәуесқойлық ұйымдарында білікті комиссияларға тапсырады.

 - Ақпарат және коммуникация министрлігі бастауыш радиобайланыс әуесқойына құқықтық құжаттар мен радиоэфирді қолдану ережесін береді, емтихан комиссиясын тағайындайды. Әдетте ол үш адамнан – тәжірибелі радиоәуесқойлардан тұрады. Емтиханнан өту үшін қойылған сұрақтардың 80%-на жауап беру қажет. Содан кейін радиоәуесқойға қорытынды беріледі, ол онымен Павлодар облысы өңірлік инспекциясына шақыратын белгі алу туралы өтініш береді және эфирде ҚТ және УҚТ әуесқой жиіліктерінде оған жұмыс істеу құқық берілген рұқсатты алады. Шақырту белгісінің құрылымы бойынша, халықаралық байланыс ұйымымен қабылданған шақырту белгілері префикстерінің көмегімен радиоәуесқойдың қандай елде, облыста, өңірде жұмыс істейтінін анықтауға болады. Мысалы менің шақырту белгім UN1F менің Қазақстанда (префикс UN),  Павлодар облысында (жұрнақтағы F әрпі) тұратындығымды білдіреді. Әрине жаңадан келген адам арнайы қабылдайтын және хабарлайтын жабдық сатып алып немесе жасап байланыстың уәкілетті органына тіркеуі қажет. Әр радиоәуесқойдың үйінде трансиверлер, антенналар мен компьютерлер бар. Осыдан кейін тілдесу басталады. Радиобайланыс сеансын орната отырып эфирге шыққан сайын радиоәуесқой жүргізілген радиобайланысты QSL-карточкалар деп аталатын радиобайланыс карточкаларымен растай алады.  Бұрын олар қағаз түрінде болатын, ал қазір қағаздан басқа электронды түрлері де бар. Алынған карточкалар сосын «Қазақстанның барлық облыстарымен жұмыс істедім», «Әлемнің барлық елдерімен жұмыс істедім» сияқты халықаралық және Республикалық дипломдар мен дипломдық бағдарламалардың шарттары бойынша жүргізілген байланыстарды растау үшін жинақталады.

Эфирде саясаттан, коммерциялық қызметтен, жарнамадан басқа барлық тақырыптар туралы сұхбаттасуға болады. Бүкіл әлем радиоәуесқойларының мүддесін халықаралық ұйым қорғайды. Оған электрбайланыстың халықаралық Одағының ережесін қабылдаған және радиоәуесқойлар үшін радиоәуесқой жиіліктерді беретін барлық елдер кіреді. Кейбір елдерде радиоәуесқойлар жоқ немесе радиоәуесқойлық шақыртуды алуға мүлдем мүмкіндік жоқ және осындай елдер радиоэкспедицияларға қатысуға тырысатын талап етілген аумақ бола бастайды, олар арқылы барлығы аталмыш елдермен және аумақтармен радиобайланыс жүргізу мүмкіндігіне ие болады.  

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 50 шақты радиоәуесқой бар. Сонымен қатар біздің қаламызда 23 мектеп жанында ұжымдық радиостанция қызмет етеді. Бұнда осы хоббимен әуестенетін оқушылар шұғылданады, олардың кейбіреуі өңірлік және қазақстандық жарыстардың жеңімпаздары, чемпиондары және Қазақстан Кубогының иегерлері болып табылуда, кейбіреулерінің радиоспорт бойынша разрядтары бар. Сондай-ақ радиоәуесқойлар көптеген атаулы оқиғалардың құрметіне арнайы шақырту белгілерін қолдана отырып эфирде жұмыс істейді. Мысалы, Жеңіс Күнінде UN9FWW ұжымдық радиостанция  UP73FP арнайы шақыртуды қолданды және Ресей Федерациясымен ұйымдастырылған Жеңіс 73 халықаралық радиомемориалында Павлодар облысынан келген барлық ҰОС қатысушылардың құрметіне еңбек етті.

 Барлық елдердің радиоәуесқойлары арасындағы радиоспорт бойынша жарыстар белгілі мерзімділікпен өткізіледі. Олар басқа қатысушыларға қарағанда анықталған мерзімде көптеген радиобайланыс жүргізген радиоәуесқойларды анықтайды. Ең жоғары ұпай саны байланыс орнатылған объектінің алшақтығына байланысты болады. 

 - Күндізгі халықаралық жарыстар бірнеше жылда бір рет өткізіледі. Оны өткізетін елді халықаралық ұйым бекітеді. Кезекті жарысты өткізетін ел Германия, онда WRTC-2018 әлемдік күндізгі чемпионат өтеді. Бұл жарыстарға тек қана таңдалған радиоәуесқойлар, яғни  халықаралық сырттай жарыстарда бірнеше дүркін жеңіске жеткендер қатыса алады.

Рейтинг бойынша барлық әлемнен 50-60-қа жуық үздік станция таңдалады. Жарыстардың ұзақтығы 24 сағатқа дейін созылады.

Қазақстанда сырттай және күндізгі жарыстар өткізіледі. УҚТ-да радиобайланыс бойынша Қазақстан Чемпионаты жыл сайын өткізіледі, біз радиоәуесқойлар командасымен шілденің бірінші жексенбісінде Баянауыл саябағының өңіріне барамыз. Қатысушылар және барлық қажетті жабдық Қазақстан тауларының шыңдарына және төбелеріне орналастырылады. Жарыстар барлық сағаттық белдеулерде бір уақытта басталады (GMT уақыты бойынша) және тәулікке созылады. УҚТ байланысы бойынша жарыстарға қатысу үшін жол сапарларын ұйымдастыруда бізге көп көмек көрсеткен, жүз жылдан асатын техникалық әуестену мен спорттың осы бір әдемі түрін қолдауға өзінің үлесін қосқан «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығына алғысымызды білдіргіміз келеді.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Анатолий КРИНИЦЫННЫҢ мұрағатынан алынды.

 

Адамдар мақалалар тізіміне