Светлана Пирогова
12.03.2020
Темір жолдағы қозғалысты отыз жыл басқарады.
БЖКБ «Богатырьская» станциясының поез диспетчері Светлана Пирогова темір жолдағы қозғалысты отыз жыл басқарады.
Әр ауысым сайын, оған үйреншікті ырғақта, ол әріптестерімен осындай барлығына қажет тонна көмірмен құрамды тасымалдайтын локомотивтерге жол ашады. Құрамдар бағыт бойынша уақытында және еш бөгетсіз жөнелтілу үшін Светланаға үлкен жауапкершілік артылған. Осындай міндетті орындау үшін оған орталықтандыру постының операторы көмектеседі.
- Бізде ұжым өте жақсы, кейбір қыздармен мен көп жылдан бері жұмыс істеп келемін, сол уақыт ішінде біз бір отбасыға айналдық, - дейді ол. – Өмірлік ауыр жағдайларда да және жұмыста да әрдайым бір-бірімізді қолдаймыз.
Светлана жастар таныған тәлімгер. Жеке тәжірибесіне сүйене отыра, ол жастарға үнемі кеңес береді: «Жұмысқа бар жан-тәнімен беріліңдер, міне, сонда ғана барлығы қолдарынан келеді».
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.