Адамдар

Әуесқой емес, бірақ машинист

05.05.2018

- Мені марапаттағалы жатқанын тіпті учаскеде бастықтардың ешқайсысы білмеді. Менде күтпеп едім. Басқалар сияқты менде күнделікті жұмысты атқарып жүрмін – деп «Богатырь» кенішінің үйінді және аршу учаске жұмысындағы эксковатор машинисті  Қайырбек Балгужинов екі жыл бұрынғы оқиғаны еске алады.  Қайырбек Балгужинов қарапайымдылығын танытқанмен,  «Еңбек  Даңқы» Орденін ерекше қызметі мен жетістіктері үшін табыстайтыны анық.

Қайырбек Шакартович туған өлкесінен 1984 жылы Павлодар облысының Духовницкий селосынан Екібастұз қаласына көшіп келді. Осы жерде сегіз сыныпты тамамдап, Екібастұз тау – кен техникумына түсіп, тау – кен технигі болып шықты. Үшінші курста алғаш рет көмір кенішіне өндірістік тәжірбиеден өтуге келді. Екі ай бойы 46-шы роторлы СРс(К)-2000  экскаваторды тағы екі ай бұрғы білдегін меңгерді.

 - Практикант ретіндегі алғашқы күнім әлі есімде. Өзімнің үш досыммен  «Богатырь» кенішіне практика құжаттарын рәсімдеуге бардым.  Дизельге біз кешіктік те, тепловозбен бардық. «Богатырда» көпір жанына тоқтадық. Қызыл бағдаршамда қырық минуттай тұрдық. Біз ол жерден екі жүз метр жаяу жүрсек кенішке жететінімізді ол кезде білмеппіз. Кәсіпорын бізге өте қатты ұнады. Кеніш пен техниканың  көлемі бізді таң қалдырды...

1989 жылы техникумды тамамдаған соң Қайырбек Балгужинов «Богатырь» кенішінде адымдауыш экскаватор  ашинистінің көмекшісі ретінде жұмысқа орналасты. Кеңес Әскері құрамында қызметін атқарған соң, бұрынғы жұмыс орнына қайтып орналасты. Оқу – курстық комбинатында өндірістен қол үзбей қосымша «Барлық машиналар түрінің экскаватор машинисті»  мамандығына ие болды. 2000 жылдың наурызында жетінші разряды берілсе,  алты жыл өткен соң сегізінші разряд берілді.   

Ұжымда ол туралы адал, талапты, жұмысқа  жауапты, ұқыпты қызметкер деп біледі.  Мінсіз қызметі үшін «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталып, үшінші деңгейлі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

-  Менің бірінші тәлімгерлерім Басалаев Владимир Анатольевич пен Капустин Владимир Мефодьевичпен жұмыс жасаған ұжымыммен жолым болды. Мен өмірімде автомобильші болмадым, бірақ жанымдағы жарым – Сандуғаш,  ұлдарым -  Бахтияр, Ғани, Аль-Азим әркез мені қолдап жүреді. Өз жұмысымды  жақсы көріп, жеңіл автокөліктен де күрделі техникны басқаруды үйрендім.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне