Николай Алексеевич Кривуца
04.02.2020
Сонда бәрі жақсы болады
Николай Алексеевич Кривуца слесарлік істі 87 –інші жылы «Степная» ЖҚД-нда жылжымалы құрам слесарінің оқушысы болғанда түсіне бастады. Отыз жылға жуық ол «Богатырьская» ЖҚД-нда дизельді қозғалтқыштарды жөндеу жөніндегі слесарі болып еңбек етуде.
- Техникаға мені атам дағдыландырды, - деп айтады Николай Алексеевич. – Ол әр істің шебері болды. Осында жаңа орналасқанымда, менің тәлімгерлерім тәжірибелі слесарлер Владимир Котельников және Александр Камардин болды. Олардан мен локомотив дизелін жөндеудің барлық бүге-шүгесіне дейін біліп алдым. Бізде жұмыс деген жетерлік. Біз иіндібілікті төсеумен айналысамыз, саңылауларды қоямыз, піспекті топты жинаймыз, цилиндрлі төлкені орнатамыз.Орындалған жұмыстың сапасын диагностика және реостатты сынау кезінде, содан кейін тура локомотив жұмысы кезінде тексереміз.
Қазіргі, Николай Алексеевичтің айтуынша, ақылды әрі тәжірибелі жастар білім мен тәжірибе жинақтаса, сонда оларда барлығы жақсы болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.