Қарапайым шешім
БЖКБ кезекті үздіксіз жақсартулар жобасын іске асырды.
Карьерлік техниканы бір кеніштен екінші кенішке айдап апару кезінде «Воскресенская» және «Октябрьская» станцияларының арасындағы теміржол жолдарын кесіп өту қажеттілігі туындайтын. Техниканың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін байланыс желісін ажыратып, теміржол өткеліндегі габариттік қақпаларды бөлшектеу қажет болатын. Бұл техниканың бос тұрып қалуына, сондай-ақ жұмыстарды келісуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша уақыт жұмсауға әкелетін.
Қолайсыздықтарды шешу үшін теміржол жолдарын кесіп өтпей-ақ карьерлік техниканың кедергісіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жаңа айналма жол салынып, пайдалануға берілді.
Нәтижесінде бұрын туындаған мәселелер шешіліп, 1,6 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар жобаның жылдық экономикалық тиімділігі 9,5 млн теңгені құрайды деп болжануда.













