Қысқа жол – пайда мол
«Богатырь» кеніші жылына 795 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік беретін жобаны іске асырды.
Нақтырақ айтсақ, кеніш тереңдей түскен сайын тау-кен массасын тасымалдау қашықтығы да ұлғайған. Бұл өз кезегінде тасымалдау жұмыстарына тартылатын авто өзі аударғыштардың жетіспеушілігіне әкелген.
Сондықтан аршу аймағынан «Синклинальный» үйіндісіне дейін жаңа жол жобаланып, салынды. Нәтижесінде тасымалдау қашықтығы 5,2 шақырымнан 4,1 шақырымға дейін қысқарды.
Өндірістік тиімділікпен қатар, жоба экономикалық тұрғыдан да тиімділігін көрсетті. Алғашқы төрт айда 100,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделсе, бір жылдағы экономикалық тиімділік 795 млн теңгеден асады деп болжануда.
Кейде тиімді шешім ең қарапайым нәрседе болуы мүмкін. Сондықтан үздіксіз жақсартулар жобасының авторы кез келген адам бола алады.











