Тиімді жоба

Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері жарақат алу тәуекелдерін төмендетуге, жөндеу шығындарын азайтуға және жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды үнемі енгізіп келеді. Олардың бастамалары кәсіпорынға айтарлықтай қаражат үнемдеуге, жабдықтың жұмыссыз тұру уақытын қысқартуға және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің мамандардың еңбегін тек компания ішінде ғана бағаламайды. Үш жыл қатарынан «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастыратын «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша ең үздік рационализаторлық ұсыныс» байқауында әріптестеріміздің жобалары жүлделі орындарға ие болып келеді. 2023 жылы «Құм кептіретін қондырғының отын беру жүйесін жаңғырту» жобасы бірінші орын, 2024 жылы «ПЭ-2М (У) сериялы локомотивтеріне 2-техникалық қызмет көрсету көлемінде техникалық қызмет көрсетуді оңтайландыру» жобасы екінші орын, ал 2025 жылы – тағы да екінші орын алды.

Биыл Энергиямен жабдықтау дирекциясының жобасы – 35/6 кВ көшпелі қосалқы станцияларындағы реле қорғанысы мен автоматика құрылғыларын ауыстыру жөніндегі рационализаторлық ұсынысы жоғары бағаға ие болды. Жобаның бастамашысы және менеджері – Энергиямен жабдықтау дирекциясының бас технологы, қазіргі уақытта BPS дамыту тобының менеджері Екатерина Тусупаева. Электр жабдығын баптау қызметінің командасы ескірген «Micom» блоктарын заманауи БМРЗ-152 құрылғыларына ауыстырды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде: жерге бір фазалы қысқа тұйықталуға қарсы бағытталған қорғаныс қамтамасыз етілді; жабдықты қашықтан басқару мүмкіндігі енгізілді;

Электр энергиясын техникалық есепке алудың автоматтандырылған жүйесімен біріктіру жүзеге асырылды; қорғаныстың іске қосылу уақыты 60 миллисекундтан 30 миллисекундтан төмен деңгейге дейін қысқарды; оқиғаларды тіркеу журналындағы жазбалар саны 75-тен 16 000-ға дейін артты; жаңғырту мерзімі 180 күннен 20 күнге дейін қысқартылды.

Экономикалық тиімділік ауыз толтырып айтарлықтай. Жоба енгізілгеннен кейін жылдық тиімділік 17 659 998 теңгені құрады.

Жобаға қатысқан барлық мамандарды осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз! Олардың еңбегі – кәсібиліктің, жаңашылдықтың және кәсіпорын мен жалпы энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлестің жарқын көрінісі.


Жаңалықтар тізіміне оралу