БелАЗ кабинасын орнату

«Тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу зауытының күшімен ескі үлгідегі БелАЗ 75131 автотүсіргішінің кабинасын  жаңа үлгідегі рамаға орнату» жобасы үздіксіз жақсарту жобалары қатарынан өз орнын ала алды.

Мәселеге келетін болсақ, зауыттың тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу учаскесі кабинасыз №151 БелАЗ 75131 карьерлік автотүсіргішін жөндеуге қабылдаған. Ауыр жүк көлігі 2014 жылы шығарылғандықтан, оған сәйкес келетін кабина болмады. Сондықтан зауыт мамандары ескі үлгідегі БелАЗ карьерлік автотүсіргішінің кабинасын орнатуды жөн көрді.

Нәтижесінде №151 БелАЗ 75131 автотүсіргішіне кабинаны орнатуды күту себебінен, жұмыссыз тұру уақыты күнтізбелік 60 күннен 30 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар жаңа кабинаны сатып алу шығыны үнемделді.

Бұдан бөлек, кәсіпорын 38 690 013 теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізді.

#үздіксіз_жақсартулар #жобалар #сыйлықақы #БогатырьКомир #Rusal #SamrukEnergy #Экибастуз #разрезБогатырь #разрезСеверный #энергетики #уголь


Жаңалықтар тізіміне оралу