Лайықты жоба

Компаниямызда жүзеге асқан кезекті жоба Үздіксіз жақсартулар жүйесінде лайықты орнын тапты.

Циклдік-толассыз технологияның ұсату-қайта тиеу пунктін пайдалану барысында шанапқа көмірдің қатты кесектері немесе ірікесек тау-кен массалары түскен жағдайда сақтандырғыш жалғастырғыш қорғанысы іске қосылады. Мұндай жағдай жабдықтың тоқтап қалуына, ал жалғастырғышты қайта іске қосу қосымша уақыт пен шығынды қажет етуімен қатар, жұмысшылардың жарақат алу қаупін тудырады.

Осы мәселені шешу мақсатында сақтандырғыш жалғастырғышының қорғаныс қаптамасын бөлшектеу және жинау оңтайландырылды. Бұл үшін ашу механизмі қайта қарастырылып, қосымша топсалар орнатылды.

Нәтижесінде қорғаныс қаптамасын шешіп бөлшектеу және жинау уақыты 45 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. Сонымен қатар жұмысшылардың жарақат алу қаупі едәуір төмендеді.

Осы жаңашыл шешімнің арқасында компания жарты жылда 39 миллион теңгеден асқан қаржыны, ал бір жылда шамамен 79 миллион теңге үнемдеуге қол жеткізеді деп күтілуде.


Жаңалықтар тізіміне оралу