Қарапайым идея
Кейде миллиондаған теңгені үнемдеу үшін күрделі жоба қажет емес. Бәрі қарапайым идеядан басталады.
Циклдік-толассыз технологиясы учаскесінің жүк тиеу пунктінде грейферлік жапқыштардың орнын анықтау датчиктері орналастыру пластиналарының соққылары себебінен жиі істен шығып келді. Соның салдарынан жүк тиеу көлемі баяулайтын.
Біздің мамандар тапқырлық танытып оңтайлы шешім ұсынды: пластинаға бар болғаны - шектеуіш орнатылды.
Нәтиже таңқаларлық:
• Апаттық тоқтауларға жол берілмеді;
• Датчиктерді сатып алу қажеттілігі жойылды;
• Бір жылдың ішінде 8 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.
«Богатырь Көмір» – үздіксіз жетілдірудің нақты үлгісі. Кейде кішкентай жаңалықтың өзі алып жетістіктерге жетелейді!











