Үнемді жоба
Бірлескен еңбектің жемісі – нақты нәтиже! Біздің Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясы мамандары тағы бір табысты жобаға қол жеткізді.
Бұл жолы әңгіме 2ВС-105 думпкарының доңғалақ жұбы өсі мойнын қалпына келтіру туралы болып отыр.
Бұрын өстің мойны тозса – жаңа бөлшек сатып алуға тура келетін. Ал бұл айтарлықтай шығын.
Инженерлеріміз жөндеу сақиналарын қолданып, думпкардың доңғалақ жұбы өсі мойнының отырғызу бетін қалпына келтірді.
Нәтижесінде:
• думпкардың доңғалақ жұбының жаңа өстерін сатып алуға жұмсалатын шығын азайтылды;
• 24 дана өстің отырғызу бетінің геометриясы қалпына келтірілді;
• доңғалақ жұбы өстері отырғызу беттерінің тозуы себебінен жарамсыз деп тану қысқартылды;
• доңғалақ жұбы өстерінің қызмет ету мерзімі ұзартылды.
Осының арқасында жарты жылдың ішінде 4 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.
Ал жылдық тиімділік 8,2 млн теңге болады деп болжануда.
Бұл – біздің ұжымның кәсіби біліктілігі мен үнемді шешім қабылдаудағы бірлігінің айқын дәлелі.











