Миллиондар үнемдеген жоба

ТЖЖЖД-ның жылына 18,5 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік беретін жобасы Үздіксіз жақсартулар жүйесіне енгізілді.

Аталған жобада ОПЭ-1 тартушы агрегаттарының тіреуіш аунақтарын жөндеу кезінде қолданылып келген жезден жасалған тығырықтардың орнына жаңа шешім ұсынылды. Жездің төзімділігі мен беріктігі төмен болғандықтан, мұндай тығырықтар жоғары жүктемелерде тез тозып, деформацияланып, қысқа мерзім ішінде істен шығып отырған.
Осы мәселені шешу үшін ТЖЖЖД мамандары антифрикциялық АРКАИМ материалынан тығырықтар жасауды қолға алды. Нәтижесінде жаңа тығырықтардың жөндеуаралық ресурсы алты айдан бір жылға дейін ұзарып, бір данасын сатып алу құны 17 104 теңгеден 4 900 теңгеге дейін төмендеді.
Пилоттық жоба жарты жылдың ішінде шамамен 1,5 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Ал жылдық экономикалық тиімділік 18 522 656 теңгені құрайды деп болжануда.


Жаңалықтар тізіміне оралу