Оңтайлы жабдық

Өндірісте ұсақ-түйектің өзі үлкен рөл атқарады. №2 жылжымалы құрам депосы учаскесінде дөңгелек жұптардың қырлары мен шентемірлерін жонып өңдеу кезінде ұзын және шатасқан металл жоңқалары жиналып қалатын. Оларды сақтау да, шығару да оңай шаруа емес. Осы мәселені шешу мақсатында– жоңқаны ұсақтайтын арнайы құрылғы жасалды

Жаңа шешімнің нәтижесінде:

- Жоңқаның көлемі едәуір азайды, сақтау тығыздығы артты және тасымалдау жаағдайы жақсарды;

- Жарақат алу қаупі төмендеді; Тәуекелді бағалау 9-дан 4 баллға дейін төмендеді, бұл «Қолайлы» тәуекел деңгейіне сәйкес келеді.

- Металл жоңқасын шығару 6-дан 2 ретке дейін қысқарды.

Бұл өндіріс үдерісін жеңілдетіп, уақытты да, қаражатты да үнемдеуге жол ашты. Ал ең маңыздысы – жұмысшылардың қауіпсіздігі деңгейін арттыруға сенімді қадам болды.


Жаңалықтар тізіміне оралу