Қауіпсіздікке қадам

Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының «Октябрьская» жабдықтау депосында ПЭ-2М(у) локомотивтерінің шатыр жабдығына техникалық қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің жарақат алу қаупін төмендететін шешім тапты.

Бұған дейін эстакада мен локомотив арасында шамамен 50 см-лік саңылау пайда болатын, бұл болса құлап кету және локомотив шатыры мен эстакада аралығында ары-бері жүрген кезде жарақаттану қаупін тудырды. Аталған қауіпті болдырмау үшін металл жылжымалы қорғаныс қоршаулары жасалып, орнатылды.

 Нәтижесінде жұмысшылардың жарақат алу қаупі  3 баллдан 1 баллға дейін төмендеді.

Бұл үздіксіз жақсарту жүйесі аясында өндірістегі қауіпсіздікті арттыру және әрбір қызметкердің үйіне аман-есен оралуын қамтамасыз ету үшін жасалған маңызды қадам.


Жаңалықтар тізіміне оралу