Қауіпсіз стенд
«Богатырь» кенішінің іске асырған «Тік бұрылмалы бәсеңдеткішті жөндеу кезінде жұмыскерлердің жарақат алу қаупін төмендету» жобасы Үздіксіз жақсартулар жүйесіне ілікті.
Неге осындай жоба пайда болды десек: Тау-кен жабдықтарын жөндеу цехында тік бұрылмалы бәсеңдеткішті жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл ретте оны тасымалдау және ұстау үшін көпірлі кран мен ілмек арқандар қолданылған. Аталған жұмыстарды орындау барысында жұмыскерлердің жарақат алу ықтималдылығы болыпты.
Міне, осы олқылықты жою мақсатында тік бұрылмалы бәсеңдеткішті жөндеуге арналған арнайы стенд жобаланып, жасалған.
Ол пайдалануға енгізілгеннен кейін жұмыскерлердің жарақат алу қаупі 6 баллдан 1 балға дейін төмендеді, бұл қауіптің «Қолайлы» деңгейіне сәйкес келеді.
Аталған деректер учаскедегі тәуекелдерді бағалау тізіліміне енгізілді.










