Тиімді таспа
Бір жылда, экономикалық тиімділік, шамамен 420 млн теңге болады. Ол қандай жоба? Ол Үздіксіз жақсартулар жүйесіне ұсынылып, қолдау тапқан «Богатырь» кенішінің «Ұсақтау-сұрыптау құрылғысының (ҰСҚ) жұмыссыз бос тұру уақытын қысқарту» жобасы.
Енді жоба қандай мәселені шешті?-деген сұраққа жауап берейік. Кеніштің Қиыршық тасты өндіру және өңдеу учаскесінде көптен бері жұмыс істеп тұрған ҰСҚ-ның конвейер таспасы тозып, істеп шыққан. Жаңасын орната қоя қоятын, ол көп уақытты талап етеді. Бұл болса қиыршық тас өндірісінің тоқтауына әкеліп соқтырады. Сондықтан қалыңдығы 14 мм болатын тросты конвейерлік таспаны салып көруге ұсыныс тасталады.
Нәтижесінде:
• №1 ҰСҚ-ның 1, 3, 5 және 7-конвейерлеріне,
• №2 ҰСҚ-ның 1, 2, 3 және 5-конвейерлеріне жалпы ұзындығы 240 метр болатын конвейер таспасы орнатылды.
Ол болса тиімді жұмыс істеді және тиісті нәтижелер де берді:
• Жабдықтың 120 күндік мәжбүрлі тоқтауы болдырылмады;
• Жаңа конвейер таспасын сатып алуға жұмсалатын шығындардан бас тартуға мүмкіндік туды;
• Қиыршық тасты сырттан сатып алу қажеттілігі жойылды.
Ал кәсіпорын болса 2024 жылғы 1 қыркүйек пен 2025 жылғы 28 ақпан аралығында 419 565 468 теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Осылайша, қызметкерлердің бастамашылдығы мен кәсібилігінің арқасында компания өндірістік үдерісті оңтайландырып қана қоймай, қаржылық ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізді.










