Тиімді жоба

«Богатырь» кенішінде іске асырылған «Роторлық торабтың тірек өсін қалпына келтіру үдерісін оңтайландыру» жобасы Үздіксіз жақсартулар жүйесі жобалар тізіміне енді.

Жобаның негізінде №1144 SRS(k)-2000 экскаваторының ротор білігінің жетек жағынан қысқыш төлкенің айналып кетуі салдарынан зақымданған мойынтірек орнын қалпына келтіру жатыр. Оны қалпына келтіру үшін бұған дейін мойынтірек орны бөлшектеліп, жөндеу жұмыстары жүргізілген, содан кейін қайта жиналған. Бұл ұзақ уақыт пен едәуір еңбек шығындарын қажет етті. Ал экскаватор машинисі Олег Гапченко  ротор торабының тірек өсінің зақымданған бөлігін бөлшектемей-ақ қалпына келтіру әдісін ұсынды. Жаңа тәсіл қолдау тауып, іс жүзінде сәтті іске асырылды.

Нәтижесінде жөндеу жұмыстарының мерзімі 65 күннен 10 күнге дейін қысқарып, бір жыл ішінде 55,3 миллион теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.


Жаңалықтар тізіміне оралу