Қамтамасыз етудегі тиімділік
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің үздіксіз жақсартулар жүйесіне лайық деп танылған «Ударная станциясының техникалық қызмет көрсету пунктін құрғақ құммен қамтамасыз ету кезіндегі шығындарды азайту» жобасы бір жылдың ішінде 10 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеді.
Бұған дейін Южная станциясындағы құм құрғатқыш қондырғысы тек осы пунктіні құрғатылған құммен қамтамасыз етіп келген. Бұл өз кезегінде дизель отынының артық шығындалуына, қосымша жұмыс күшін тартуға және құмды тасымалдауға байланысты елеулі шығындарды талап ететін.
Ал Богатырская станциясындағы құм құрғатқыш қондырғының қуаты Ударная станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктін де қамтамасыз етуге жеткілікті болатын. Осыны ескере отырып, Богатыр жүк тиеу-көлік басқармасы құмды Богатырская станциясынан жеткізу туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатта станцияның жүктемесі қайта қаралып, Ударная станциясына құм тасымалдау ұйымдастырылды.
Нәтижесінде:
• Южная станциясында құм құрғату жұмыстары толық тоқтатылды;
• жұмыскерлерді тарту қажеттілігі 100%-ға қысқарды;
• дизель отыны мен құмды тасымалдауға кететін шығындар тиісінше 8% және 9%-ға төмендеді.
Жалпы алғанда, 2024 жылдың 1 ақпанынан 2025 жылдың 1 ақпанына дейінгі аралықта 10 372 809 теңге үнемделді.