Пневматикалық контакторды ауыстыру
Үздіксіз жақсарту жобаларының қатарынанан – «№115, 124 БелАЗ 75131 автотүсіргіштерінде ПК-753Б пневматикалық түйістіргіштерін КЭ-01 үлгісіндегі электромагниттік түйістіргіштерге ауыстыру» жобасы лайықты орын алды. Бұл жобаны Технологиялық көлік басқармасы ұсынған.
2007 және 2010 жылдары шығарылған БелАЗ 75131 автотүсіргіштерінде ПК-753 пневматикалық түйістіргіштері орнатылған. Олар көліктің алға және артқа жүруін басқаруға, сондай-ақ динамикалық тежелуіне жауапты. Алайда қыс мезгілінде конденсат пен сығымдағыш майдың жиналуына байланысты пневматикалық жүйе қатып қалып, түйістіргіштердің істен шығуына әкеледі. Бұл өз кезегінде автотүсіргіштердің тоқтап қалуына себеп болады (бір ауысымда 7 сағаттан астам).
Сонымен қатар, майдың артық мөлшерінен шкафтардың ластануы орын алады, бұл пневматикалық түйістіргіштердің түйіспелерін үнемі тазалауды және тексеруді қажет етеді.
Осы олқылықтарды жою мақсатында ТКБ қызметкерлері келесі шараларды жүзеге асырды:
- Пневматикалық түйістіргіштерді электромагниттік түйістіргіштерге ауыстырды.
- Құрылмасын өзгертпестен, электр тізбегіне электромагниттік түйістіргіштерді қосты.
- Басқару жүйесімен үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін тартушы шарғының қуатын есептеді.
Нәтижесінде:
- Пневматикалық түйістіргіштердің істен шығуына байланысты көліктің тоқтауы жойылды.
- Конденсатты ағызуды және сүзгілердің жұмысын тексеруді қамтитын пневматикалық жүйеге қосымша күнделікті техникалық қызмет көрсету қажеттілігі алынып тасталды, бұған дейін әр автотүсіргіш үшін орта есеппен осы жұмыстар үшін 15-20 минут қажет болатын.
- Тартқыш қозғалтқыштарды қосуға және автотүсіргіштің қозғалысын іске қосуға жауапты коммутациялық аппаратура үшін сығылған ауаны пайдаланудан бас тартылды.
- Коммутациялық аппаратураның істен шығу мүмкіндігі жойылды.
- Автотүсіргіштердің жұмыс қабілеттілігіне қатысты ақаулар тіркелмеді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде үш ай ішінде 13 926 866 теңге тиімділікке қол жеткізілді. Ал жылдық болжамды экономикалық тиімділік – 62 670 897 теңге.
#үздіксіз_жақсартулар #жобалар #сыйлықақы #БогатырьКомир #Rusal #SamrukEnergy #Экибастуз #разрезБогатырь #разрезСеверный #энергетики #уголь