Қауіпсіздік – басты міндет
Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – компанияның басым міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясы рельс-шпалды торлар цехында рельсті жолда қозғалатын арбаны жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Аталған арба №1407 және №1433 КДКК-10 мосылық крандарының жұмыс алаңдары арасында жүктерді тасымалдау үшін қолданылып келді. Бұған дейін екі қызметкер арбаны қолмен итеріп қозғалтқан, бұл қызметкерлердің қауіпсіздігіне әсер етті, жүк тасымалдауға байланысты жұмыстарды орындау барысында жарақат алу қаупін тудырды.
Аталған тәуекелді жою мақсатында электрмеханикалық жетегі бар арба жасалып, пайдалануға берілді.
Жобаның негізгі нәтижелері:
• Қауіп-қатер деңгейі 4 баллдан 2 баллға («Қолайлы» деңгей) дейін төмендеді, өзгерістер тәуекелдерді бағалау реестріне енгізілді;
• Жүкпен арбаны жылжыту үшін жұмылдырылатын қызметкерлер саны екі адамнан бір адамға дейін қысқартылды.
• Жұмыс үдерістерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі жақсарды.
Жоба еңбек жағдайын айтарлықтай жақсартып, өндірістегі қауіп-қатерлерді азайтуға техникалық шешімдердің қалай әсер ететінінің айқын үлгісіне айналды.